Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100 және 101-атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді.
Ржев шайқасы Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген. Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады.
Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған.