Германия Федеративтік Республикасының Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Франк-Вальтер Штайнмайерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.
Ақорданың салтанат залында Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Одан кейін екі елдің әнұраны шырқалды.
Содан кейін мемлекет басшылары кездесуге кіріп кетті.