Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды.
Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген.
Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.