Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.
Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.