Среда, 27 ноября, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған