Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандықтар 3 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Чемпионаттың бірінші күні ересек спортшылар жарыс жолына шықты. Атап айтқанда, ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта ең мықтыны анықтады.
Алтын медальды 82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды.
Ал ерлер арасында 90 кг салмақта өнер көрсеткен Тоқтарбек Айдарбек пен әйелдер арасында белдесуге шыққан Мөлдір Азамат қола жүлдені жеңіп алды.