2023 жылғы 27 мамырда ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг,
гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды.
«Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады»,-делінген хабарламада.