Среда, 27 ноября, 2024

Қазақ тілінде оқытатын балабақшаларға сұраныс артып келеді — Білім министрлігі

Қазақстанда 2022 жылы ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың 98 пайызы оқытуды қазақ тілінде жүргізеді. ҚР Білім министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше қазақ тілді балабақшаларға сұраныс артқан, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым бар. Бұл балабақшалар ғана емес, білім беретін шағын орталықтар. Оларға 1 миллионнан астам бала тартылған. Олардың 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы аралас.

«Әрине, оқу процесін орыс тілінде жүргізетін мектепке дейінгі ұйымдар бар және олар негізінен қалада орналасқан. Биыл біз 2022 жылы 558 мектепке дейінгі ұйымды аштық. Соның 98 пайызы қазақ тілінде оқытатындар. Яғни, бүгінгі таңда қазақ тілінде оқытатын топтар мен білімге сұраныс артып келеді», — деді Наталья Жұмаділдаева.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры атап өткендей, бала жастайынан қазақ сөздерін күнделікті деңгейде қолданса, бұл оның ғана емес, жалпы отбасында тіл мәдениетін қалыптастырады.

Бұған дейін Наталья Жұмаділдаева Білім министрлігі Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін Қазақстандағы барлық балабақшалардың қауіпсіздік шараларын сақтауын тексеретінін айтқан.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған