Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 43 млн теңге жымқырылғаны анықталды

Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ұрлықты анықтады.
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
Келген шығын — 43,8 млн теңге, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 млн теңгеге коммерциялық үй-жайды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған