Ерікті қысқарту 2023 жылдың 4 маусымында ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіріс көлемінде жүзеге асады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қазақстан сәуір айында ерікті қысқарту жариялаған ОПЕК+ елдерімен келісім бойынша, алдын алу шарасы ретінде 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін 78 мың б/т ерікті қысқартуды ұзартады», — делінген хабарламада.
Бұған дейін ведомство Қазақстан мұнай өндіруді ОПЕК+ басқа елдерімен бірге 2023 жылдың мамырында тәулігіне 78 мың баррельге ерікті түрде қысқартатынын мәлімдеген еді.