Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстан биылғы жылдың І тоқсанында Германияға 300 мың тонна мұнай жеткізеді

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың І тоқсанында Германия Федеративті Республикасына 300 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдайды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023 жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады.

Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған.

Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында 2002 жылғы 7 маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған