Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 28 млн адамға жуықтайды

Қазақстан халқының саны 2050 жылға қарай 8,2 млн адамға өсіп, 27,8 млн адамға жетеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Орталықтың ұзақ мерзімді болжамына қарағанда,.өсу қарқыны жылына 1,1-1,4% шегінде өзгереді, орташа жылдық өсу қарқыны (ОЖӨҚ) 1,3%, оптимистік нұсқасында – 1,4-1,7% (ОЖӨҚ 1,5%), пессимистік нұсқасында – 0,7-1,1% (ОЖӨҚ 0,9%).

2022-2050 жылдары жаңа туған нәрестелер саны 14,3 млн адамды, қайтыс болғандар саны 5,5 млн адамды құрайды. Осылайша, табиғи өсім 8,8 млн адамды құрайды. Алайда, көші-қонның теріс сальдосына байланысты (565 мың адам) 2050 жылға қарай халықтың таза өсімі 8,2 млн адамды құрайды.

Қосымша шараларсыз халықтың өңірара біркелкі бөлінбеуі күшейтілетін болады. 2050 жылға қарай сегіз өңірдің халық саны 869 мың адамға қысқаруы мүмкін, олардың қатарына Абай (92 мыңға), Ақмола (80 мыңға), Қарағанды (99 мыңға), Қостанай (181 мыңға), Павлодар (100 мыңға), Солтүстік Қазақстан (182 мыңға), Ұлытау (15 мыңға), Шығыс- Қазақстан (120 мыңға) облыстары кіреді.

Сонымен қатар қалған өңірлердегі халық саны 9 млн адамға өсуі мүмкін, оның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 4,2 млн адамға ұлғаймақ. Бұдан бөлек халық санының өсуі Ақтөбе (326 мың), Алматы (800 мың), Атырау (350 мың), Батыс Қазақстан (112 мың), Жамбыл (657 мың), Жетісу (512 мың), Қызылорда (328 мың), Маңғыстау (723 мың) және Түркістан (994 мың адамға) облыстарында күтіледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған