Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.

«Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді», — деп ризашылығын білдірді Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған