Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстан мен Жапония экология саласындағы мәселелер аясында өзара ынтымақтастықты талқылады

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хпбпрлайды ARDA-AKPARAT.

Жапония 2020 жылы 2050 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларының нөлдік деңгейіне жетуді мақсат етіп қойып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазіргі уақытта Күншығыс елі энергетикалық көздерден парниктік газдардың шығарылу көлемі бойынша әлемде 5-орында (ҚХР, АҚШ, Үндістан, Ресей) тұр.

Жапондық тарап бірлескен Кредиттеу механизмі (JCM) аясында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл механизм озық технологияларды және шығарындыларды азайту жөніндегі инфрақұрылымды таратуға, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, JCM парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңіруге бағытталған Климаттық жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

Кездесу соңында жапон тарапы кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін министрге алғысын білдірді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған