Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстан Президентінің мемлекет басқарудағы саяси шешімдері өте құнды – Абдулла Гүл

Орталық Азия медиа форумында Түркияның 11-президенті Абдулла Гүл геосаяси сілкіністің алдын алу үшін ашық қоғамды дамыту қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Біздің әлем қазір тез дамып жатыр. Қауіпсіздік саласы бойынша геосаяси сілкініс жағдайындамыз. Биыл біздің дипломатиялық қарым-қатынасымызға 30 жыл толып отыр. Бауырлас елдердің ынтымақтастығы жоғары екені қазіргі геосаяси жағдайдағы тыныштықтан көре аламыз. Қазақстан Президентінің мемлекетті басқарудағы саяси шешімдері өте құнды. БАҚ әлеуетін күшейту үшін ұйымдастырылып отырған форум – өңірлік ерекше бастама»,- деді Гүл.

Оның айтуынша, ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі.

«Цифрлық билік территориялық аумақтық тыныштыққа әсер етті. Мысалға, қаңтар оқиғасында Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған шешімдері ұзақмерзімді тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осы контексте жаңа әлем құру керек. Үкімет журналистерден қорықпауы немесе жасырынбауы қажет. БАҚ пен үкімет бірге болса, қоғам мемлекеттік мәселелерді дұрыс түсініп, қолдайтын болады», — деді Абдулла Гүл.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған