Қазақстанның ерлер командасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл – 17-22 маусым аралығында Қытайдың қаласы Усиде өтіп жатқан құрлық біріншілігіндегі жалғыз жүлде.
Азия форумының финалында қазақстандық қылыш шеберлері жапониялықтардан 25:45 есебімен жеңілді. Оған дейін ұлттық құрама филиппиндерді (45:37), Өзбекстан (45:40) және Оңтүстік Корея (42:36) құрамасын жеңді. Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай семсерлесуден командалық жарыста күміс жүлде алды.
Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан атынан 19 спортшы қатысуда.