Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан үш медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сайыста Нариман Курбанов бірінші орын алды. Отандасымыз гимнастикалық ат жаттығуларында бірінші болып аяқтады. Ал еркін жаттығулардан Дмитрий Потанин күміс медаль иеленді.

Командалық жарыстарда Қазақстан үшінші орын алып, қола медаль иеленді. Осылайша ел намысын қорғаған команда әлем чемпионатына жолдама алды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған