Пятница, 29 ноября, 2024

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгеріс енгізілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келіскен болатын.

Заң жобасының мақсаты — соттардың қызметін әрі сот саласындағы әкімшілендіруді жетілдіру, Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану тәртібін толықтыру, сондай-ақ қаржы саласындағы инновацияларды дамыту үшін елдің негізгі платформасы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының жылдам дамуын қамтамасыз ету және оның юрисдикциясын инвестициялар тарту үшін пайдалану.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған