Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында Қазақстан алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында қазақстандық шахматшылар Франция құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
«Қазақстанға жеңісті Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі: 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі: 2162), Алуа Нұрманова (FIDE рейтингі: 2170) және Әмина Қайырбекова (FIDE рейтингі: 1985) әкелді. Турнирге Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Ксения Балабаева (FIDE рейтингі: 2111) және Әсел Серікбай (FIDE рейтингі: 2120) қатысып жатырә, — делінген хабарламада.
Финалда Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі.