Астанада жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы 10-шы Азия чемпионаты аяқталды. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 12 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 3 күміс және 3 қола, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстан спортшылары жүгіруден Азия чемпионы атанды:
- Кэролайн Кипкируи — 3000 метр;
- Элина Михина — 400 метр;
- Ерлер эстафетасы: Михаил Литвин, Вячеслав Земс, Эльнор Мұхитдинов және Андрей
- Соколов – 4х400 метр;
- Әйелдер эстафетасы: Элина Михина, Аделина Земс, Александра Залюбовская және
- Кристина Кондрашова – 4х400 метр;
- 60 метрге кедергілермен жүгіру – Давид Ефремов;
- биікке секіру — Надежда Дубовицкая.
Күміс медальмен марапатталғандар:
- Михаил Литвин — 400 метрге жүгіру;
- Ольга Сафронова – 60 метрге жүгіру;
- Кристина Овчинникова – биіктікке секіру.
Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальдарды мына спортшылар салды:
- Ақбаян Нұрмамет – 1500 метрге жүгіру;
- Шедрак Қимұтай – 3000 метрге жүгіру;
- Елизавета Матвеева — биіктікке секіру.
Аталған 12 медаль Қазақстан құрамасының спортшыларына 2023 жылғы Азия чемпионатының медальдық есепте екінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Ал Жапония өкілдері жалпыкомандалық есепте көш бастады: 15 медаль (6 алтын, 5 күміс, 4 қола).
Үздік үштікті Катар құрамасы түйіндеді: 8 медаль (2 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола»).