Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстан темір жолы бизнеске кедергі жасап, 1,5 млрд теңге залал келтірген — прокуратура

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Арызға сәйкес, келген алдын ала залал — 1,5 млрд теңгеден астам.

Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған