Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстан – Түркия әскери ынтымақтастығының келешегі талқыланды

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және бітімгерлік қызмет саласындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Одан бөлек әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл да айтылды. Сөз арасында өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының кездесуі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломатқа «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол бейбітшілік, ынтымақтастық және тату көршілік идеяларын ілгерілетудегі мәдениеттің маңызды екенін атап өтті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған