Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстан – Түркия қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді

Түркия қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазір ғана құрметті Президент мырзаға сенім грамотасын табыс еттім. Біз тағы бір мәрте республикаларымыз арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіндігін қуаттаймыз. Қазақстандағы жұмысым барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Түркия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған мемлекет және 31 жыл бойы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып келеді. Таяуда республикаларымыздың арасында қол қойылған құжат қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтереді. Біздің ынтымақтастығымыз жедел қарқынмен дамитынына сенімдіміз. Өйткені, біздің халықтарымыздың тілі, мәдениеті ұқсас», — деді Түркия Елшісі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған