Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетін болды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
«Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар», — делінген хабарламада.
Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.