Жылына елімізде 20 мыңнан тоннадан астам уран өндіріледі. Бұл – әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40%-ы. Ал уран қоры бойынша 2-орында, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстанда уран Түркістан, Қызылорда және Ақмола облыстарында өндіріледі.
Еліміздегі алғашқы кен орны 1951 жылы барланған. Ал 1960 жылдардың соңында Қазақстанның оңтүстігінде басқа да уран кеніштері анықталды.
Елімізде уран жер асты ұңғымалы шаймалау әдісі арқылы өндіріледі. Бұл әдіс экологиялық тұрғыда таза, қарапайым әрі қауіпсіз болып есептеледі.
Уран – атом энергетикасының негізгі отыны болып табылады.