Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 01 минут 28 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған