Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.