Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр

Биылғы жаңа жылдық дастархан әлдеқайда қымбатқа түскелі тұр, себебі Қазақстанда еттің барлық түрі айтарлықтай қымбаттады. EnergyProm сарапшылары бағаның бір жыл ішінде қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Биыл желтоқсан айына қарай елімізде азық-түлік инфляциясы 24,1 пайызға жетті. Басқа азық-түліктермен қатар ет бағасы да айтарлықтай өсті. Мәселен, қарашаның өзінде жылқы еті 1 пайызға қымбаттады. Халық көп тұтынатын сиыр мен қой етінің орташа құны бір айда 0,4 пайызға өсті.

Бұл ретте бағаның жылдық өсуі айтарлықтай болып шықты. Қараша айының соңына қарай сүйекті сиыр еті бір жылда 8 пайызға, ал қой еті 12,4 пайызға қымбаттады. Алайда бәрінен де жылқы еті бірталай қымбаттады, яғни бір жылда 16,1 пайызға өскен.

Осылайша, биыл желтоқсан айының басында сүйекті еттің әр түрінің бір келісіне орташа құн мынадай болды: сиыр еті – 2 421 теңге; қозы еті – 2673 теңге; ал жылқы еті – 2999 теңге.

Еске салсақ, бір жыл ішінде елімізде құс етінің бағасы да айтарлықтай қымбаттады. Биыл қыркүйек айына қарай баға өсімі 27,9 пайызды құрап, еттің келісі орташа есеппен 1300 теңге болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған