Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда газ қоры 100 жылға жетеді — QazaqGaz

Қазақстанда газ қоры жеткілікті. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасенов айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазақстанда газ қоры жеткілікті, яғни 3,8 трлн текше метр шамасында. Егер тауарлық газды тұтыну шамамен 25 млрд текше метр екенін ескерсек, газ қоры 100 жылға артығымен жететінін есептеуге болады», — деді А. Қасенов елордада өткен қоғамдық кеңес жиынынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазіргі кезде газ өңдеу іс-қимылдарын ынталандыруға мән беру керек.

«Бүгін біз қоғамдық кеңесте өңдеу мәселесін талқылап, ішкі нарықтағы шығынымызды көрсеттік. Жалпы, жер қойнауын пайдаланушыларға газ үшін әділ баға ұсынуымыз керек. Осы орайда, олар шикі газды өңдеудің тиісті көлемін шығара алмай жатыр», — деді QazaqGaz өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, QazaqGaz ірі коммерциялық ұйымдар мен майнерлерге газды қымбат бағамен беруді сұрады. Арман Қасеновтың айтуынша, газ бағасының арзан болуынан ұлттық оператор шығынға ұшырап жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған