«Камызяки» командасының Алматы мен Астана қалаларында қазан айының басына жоспарланған концерттері өтпейтін болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл жөнінде шараны ұйымдастырушылар мәлім етті.
«Камызяки» тобының әртістерінің қоғамдық әрекеттерін қоғамның жағымсыз қабылдауын ескере отырып, ұйымдастырушылар тобы «Камызяки» командасының концерттік турын бүкіл Қазақстан бойынша тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар билеттерді қайтару мәселесі бойынша билет сатқан операторларға жүгінуді сұрады.
«Камызяки» командасы 7 және 8 қазанда Астанада, 5 қазанда Алматыда өнер көрсетпек болған.