Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстанда неке сақиналары бірден 36% қымбаттады

Елімізде бір жылда алтын неке жүзіктері 35,6% қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7% ғана өскен еді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6% өскен. Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары да алдыңғы қатарда.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың құны Ақтөбе (3,7%-ға), Атырау (6,9%-ға) және Батыс Қазақстан (10,7%-ға) облыстарында ең аз өскен.

Елімізде 2023 жылдың ақпан айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2% өсті. Бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған еді.

Зергерлік бұйымдар өндірісі жылына 1,4 млрд теңгеге тең болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда құндық мәнде 4,4% артық. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған