Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі дамып келеді – министр

Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздегі өңдеу өнеркәсібі 2,5% өскенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Көрсеткіштің өсуі 16 өңірде байқалады. Оның ішінде СҚО, Ұлытау, Алматы облыстары және Алматы қаласы бар. Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша машина жасау өндірісі 31 ,5%, оның ішінде автомобиль жасау 34,2%, электр жабдықтарын жасау 49% өсті. Сондай-ақ өсу келесі салаларда да байқалып отыр: азық-түлік өндірісі 9,6%, мұнай өңдеу өнімдері 5,4%, химия өнеркәсібі 3,6%, сусындар өндірісі 22,6%, фармацевтика өндірісі 16,7%, жеңіл өнеркәсіп 34,3%, тау-кен өнеркәсібіндегі көлеміндегі өндіріс көлемі 0,5%-ке өсті. Көмір өндіруді қоспағанда барлық салалар бойынша өсім байқалады, — деді Ұлттық экономика министрі.

Министрдің айтуындаша еліміздегі құрылыс жұмыстарының көлемі де өскен.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% ұлғайды. Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсу бар. Әсіресе, құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалады. Биылғы жылдың қаңтар, ақпан айларында 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2% жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіші Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау мен Атырау облысында тіркелген, — деді Әлібек Қуантыров.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған