2022 жылы өлім-жітім көрсеткіші 29% — ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Өмір сүру ұзақтығының өсуіне экономиканың дамуы, әлеуметтік әл-ауқат, оның ішінде денсаулық сақтаудың дамуы, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануы сияқты факторлар әсер етеді», делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу жолымен күшейтілді, бұл ел халқына шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету кезінде «алтын сағат» қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29% — ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 6,77 құрады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім — жітім 32,7% — ға, қатерлі ісіктен-7,9% — ға, жарақаттан-5,3% — ға төмендеді. Ана өлімі 2021 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеп, 100 мың тірі туылғандарға 17,0 құрады, сәбилер өлімі 4,6% — ға төмендеп, 1000 тірі туылғандарға 7,97 құрады.
«Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер, соның салдарынан өмір сүру ұзақтығының өсуіне әсер етті және тарихи маңызға – 74,44 жылға қол жеткізудің кепілі болды, ол пандемияға дейінгі ӨЖС деңгейінен 1,26 жылға асып түсті, ал 2019 жылы ол – 73,18 жасты құрады.
Өмір сүру ұзақтығын арттыру – ел дамуының жарияланған Ұлттық мақсаттарының бірі екенін атап өткен жөн», делінген хабарламада.