Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстанда пара-атлеттерге арналған алғашқы жүгіру мектебі ашылды

Қазақстанда пара-атлеттерге арналған алғашқы жүгіру мектебі ашылды. Жаңа спорттық бағытты дамыту инновациялық технологиялар, қайырымдылық пен спорттың бірлескен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жобаның негізгі қозғаушы күші «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен және ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеті мен «Оttobock» халықаралық концернінің қазақстандық өкілі «Фармас» өндіруші компаниясы бірлесе «Қазақстан Республикасының спортшыларын пара-жеңіл атлетикаға дайындау және қатысу үшін спорттық және жүгіру протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» қайырымдылық жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Қайырымдылық жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 113,4 млн теңгеге 10 спорттық-жүгіру протездерін әзірлеуді қаржыландырды.

Жоба бастамашысы – Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстанның паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар құрылымында аяқ-қолы кемістігі бар 70-ке жуық спортшы болса, оның тек бірлі жарымында ғана спорттық-жүгіру протезі бар. Осыған байланысты, дәл бұл паралимпиадалық спорт түрі бойынша еліміз халықаралық деңгейде, оның ішінде спорттық протездердің қымбаттығына байланысты ұсынылмаған.

Әрбір протездік-ортопедиялық бұйым жеке болғанымен, бірақ спортшыны ауыстырған жағдайда оны жеке бөлшектерді ауыстырғаннан кейін салыстырмалы физикалық параметрлері бар төменгі аяқ-қол ампутациясы бар кез келген адам пайдалана алады.

Өз кезегінде Халықаралық паралимпиада комитеті спортшылардың өздері үшін оқу — жаттығу жиынын ұйымдастыруға грант бөлді.

2023 жылдың 10-12 мамырда Алматы орталық стадионында бірнеше дүркін Паралимпиада чемпионы, Паралимпиада ойындарында 100 метрлік спринт жарысының жеңімпазы Генрих Поповтың жетекшілігімен «Running Clinic» жүгіру мектебі өткізіледі.

Бүгінгі таңда Running Clinic Еуропа, Ресей, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс, Азия және Австралия елдері сияқты 50 елде өтеді.

Паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін 28 спорт түрінің 6-сы аяқ-қолдары ампутацияланған спортшылардың спорттық протездерді қолдануына мүмкіндік береді. Қазақстандық паралимпиадашылар үшін бұл жоба паралимпиадалық спорт түрінің бірі — «протезбен жүгіру» бойынша қатысуға мүмкіндік береді.

Алайда, спорттық протез тек жоғары жетістіктер спортында ғана қолданылмайды, сонымен қатар спорттық дайындығы жоқ ампутациясы бар қарапайым адамдарды оңалту және кардио жаттығулары үшін өте пайдалы. Сондықтан Running Clinic-тің мақсаты — ампутацияланған адамдарға қозғалыс еркіндігін қалпына келтіру дағдыларын үйрету, олардың тәуелсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсарту, белсенді ету.

Команданың қатысушылары протезбен жүгіруде абсолютті жаңадан келгендер, тиісті дағдылары жоқ, сондай — ақ осындай тәртіпте тәжірибесі бар адамдар, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командасының әрекет етуші мүшелері болды. Қатысушыларға алғашқы қадамдардан бастап толық жаттығуларға дейінгі протездік техниканы үйренудің ерекше мүмкіндігі ұсынылады.

Жүгіру мектебінің қорытындысы бойынша барлық спортшылар 13-17 мамыр аралығында Алматы қаласы орталық стадионында өтетін Қазақстан Республикасының VI Паралимпиада ойындарына қатысады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған