Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда Pfizer вакциналары өндірілетін болады

Онда ҚР аумағында вакциналар өндіру саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Пфайзер компаниясының өңірлік директоры Озгур Язиюртпен тілдесу барысында ведомство басшысы фармацевтика өнеркәсібін дамытуға әрі әріптестік қатынастарды тереңдетуге бағытталған бастамасы үшін ризашылығын білдірді.

«Біз американдық технологиялардың трансфертін, оның ішінде ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытуға белсенді үлес қоса отырып, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруды қолдаймыз. Біздің ынтымақтастығымыздың келесі маңызды кезеңі Қазақстанда Pfizer компаниясының Превенар 20 вакцинасының жаңа буынын өндіруді орнықтыру болады», — деп атап өтті А.Ғиният.

Бұдан әрі кездесу барысында нормативтік базаны жетілдіру және Қазақстанда фармацевтика өндірісін орнықтыру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал құру мәселелері көтерілді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған