Пятница, 29 ноября, 2024

Қазақстанда қандай мерекелер ресми бекітілді

Үкімет мерекелік күндер тізбесін жаңадан құрып, қаулы шығарды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы No 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», — делінген құжатта.

Қосымшаға сәйкес, жаңа тізімде 19 мереке күні бар:

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні — 15 ақпан;

Алғыс айту күні-1 наурыз;

Аналар күні-мамырдың екінші жексенбісі;

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні — 4 маусым;

Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

Абай күні-10 тамыз;

Спорт күні-тамыздың үшінші жексенбісі;

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні-29 тамыз;

Білім күні-1 қыркүйек;

Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

Қазақстан халқы тілдері күні — 5 қыркүйек;

Еңбек күні-қыркүйектің соңғы жексенбісі;

Қарттар күні-1 қазан;

Нан күні-16 қазан;

Энергияны үнемдеу күні-11 қараша;

Ұлттық валюта күні-теңге-15 қараша;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-1 желтоқсан.

Барлық кәсіби мерекелер мерекелік күндер тізімінен алынып тасталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған