Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстанда Respublica партиясы тіркелді

Бұл туралы партия басшысы Айдарбек Қожаназаров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Достар, сүйінші! Біздің ресми өкіліміз Астанадағы ХҚКО-ның бірінен Respublica партиясының тіркеу құжатын қолына алды. Енді біз — еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл — ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда бұл сынақтар бізді тек күшейтті», — деді Айдарбек Қожаназаров.

Партияның тең төрағалары — Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев. Айдарбек Қожаназаров осы азаматтарға «елімізге оң өзгерістер әкелер жолындағы алғашқы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймын» деп, сенім білдірді.

«Партияның барлық мүшесін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор қолдау білдірген барлық адамды осы маңызды бастамамен құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді. Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әр өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз. Болашақ біздің қолымызда, ағайын! Алға, Отандастарым! Алға, Respublica!», — деді Respublica пратиясының басшысы.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған