Понедельник, 25 ноября, 2024

Қазақстанда шошқа тұмауы таралып жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәжіліс алаңында елдегі эпидемиология жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда тұмаудың үш түрі, соның ішінде тіркелген шошқа тұмауы да таралып жатыр.

«Қазақстанда шошқа тұмауы тіркелді. Ол — H1N1. Сонымен қатар аденовирус та тіркелді. Вирустар бір-бірімен қабаттасып, вирустық инфекция араласқан кезде асқынып, инфекция мен суперинфекция болатынын көріп отырмыз», — деді Ажар Ғиният.

Ажар Ғиният елде коронавирустың «омикрон-штамы» да жұғып жатқанын қоса кетті.

«Омикрон штаммының бірнеше түрі бар, себебі вирус мутацияға ұшырап отырады. Ал біздің елде Cerberus нұсқасы таралып жатыр», — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ажар Ғиният вакцинация өзіне вирустардан қорғануға көмектесетінін атап өтті. Денсаулық сақтау министрі қазан айында тұмауға қарсы екпе, сонымен бірге коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе алған екен. Ол барлық жерде маска тағып жүруді кеңес етті.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған