Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.
Өңірлер бойынша қарастырар болсақ, алғашқы нарықта жылдық мәнде:
-
Ақтөбе қаласында – 25,4%;
-
Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады.
Қайталама нарықта баға өсімінің көшбасшылары:
-
Қызылорда қаласы (37,8%);
-
Ақтау қаласы (32,6%);
-
Семей қаласы (31,6%);
-
Қостанай қаласы (29,2%);
-
Өскемен қаласы (24,7%).
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:
-
Көкшетау қаласы (51,1%);
-
Петропавл қаласы (48%);
-
Алматы қаласы (45,4%);
-
Қостанай қаласы (45%).
Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.