Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстанда үйді ипотекаға алушылар азайған

Елімізде үйді ипотекаға алушылар азайды. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының зерттеуіне сүйенсек, биыл жарты жылда қазақстандықтар 850 млрд теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ал былтыр оның көлемі 1,1 трлн теңге болған еді. Яғни, 19,3 пайызға аз. Қауымдастық сарапшылары мұны «7-20-25» бағдарламасына бөлінген қаражаттың азаюымен әрі оны 4 тоқсанға бөліп тастаудың тиімсіздігімен байланыстырады.

Биыл «Отбасы банктен» бөлек, ипотеканы қазақстандықтар өзге екінші деңгейлі банктерден рәсімдейтін болған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған