Среда, 27 ноября, 2024

Қазақстанда үздік бизнес жобаларға мемлекеттік грант беріледі

20 ақпанда бизнес идеяларға арналған грантқа өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алғашқы кезеңде 2 577 адамға қаржылай қолдау көрсету жоспарланған. Мемлекеттік грант көлемі – 1 млн 380 мың теңге. Ақша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге немесе тіркелген жұмыссыздарға беріледі.

Үміткерлер әлеуметтік санаттағы азамат болуға тиіс. Мысалы, мүгедектігі бар адам, қандастар, өңірге қоныс аударушылар, тұрмысы нашар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар грантқа үміткер бола алады.

Өтінім Business.enbek.kz порталында немесе жергілікті жұмыспен қамту орталықтарында қабылданады. Грант қажетті құрал-жабдықтар, мал мен құс, тұқым, орын-жайлар алуға беріледі.

«Грант алу үшін үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификаты болуға тиіс. Оқу онлайн жүреді. Әлеуметтік талаптарға сай келетін кез келген адам осы жоба арқылы кәсіпкерлік негіздері тақырыбында білімін жетілдіре алады. Грант тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға арналғанын айта кетейік. Өтініш бергенде олар жұмыссыз немесе жеке кәсіп иесі болуы керек», — деді ҚР ЕХӘҚМ жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Жадыра Оразбаева.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған