Жедел-профилактикалық шара кезінде 506 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, шырша мен қарағайды заңсыз кескен, белгіленбеген орындарда сатқаны үшін 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сонымен қатар, полиция депатаментінің ақпаратына сәйкес, жарты миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 400 мың теңгеге жуығы өндірілді.
Полицейлер атап өткендей, құқық бұзушылар шырша мен қарағайларды заңсыз кесумен қатар, жасыл желекті күтіп-баптау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін де жауапқа тартылады.