Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерге қабылдау ережесі өзгереді

Қазақстанда жалпы білім беретін мектептерге қабылдау ережесі өзгереді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құжатта бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап іске асырылатыны жазылған.

Бұған дейін құжаттар 1 тамызға дейін қабылданатын. Қазір мұндай шектеу жоқ.

Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Сонымен қатар, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушыларды тегін оқу орындары болған жағдайда мектептің қызмет көрсету аймағынан тыс жерлерден қабылдау іске асырылатыны қосылды.

Айта кетсек, орта мектепке балаларды қабылдау мерзімі ұзартылды.

Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.

Құжат 3 қазанға дейін Ашық НҚА сайтына орналастырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған