Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өткен ғасырдың 30-жылдарындағы өртсөндірушілер түсірілген бірегей суреттерді көрсетті, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысымен таныстыратын тарихи бөлім ашқан. Бөлім қызметкерлері өткен ғасырдағы өртке қарсы қызметтің жұмысын көрсететін мұрағат суреттері мен мұражай жәдігерлерін ұсынды.
Бұл суреттерде — Ақтөбе облысы мен Семей қаласының өртсөндірушілері.
Ескі суреттерде өрт орнына өртсөндірушілер, су құйылған бөшкелер, өрт сорғылары, техника және басқа да керек-жарақтар жеткізілген ат арба көрсетілген. Аттар алғашқы өрт сөндіру көліктері пайда болғанға дейін қолданылған.