Қазақстанның «Nomad Stunts» халықаралық кәсіби каскадерлер тобы әлемге танымал актер, каскадер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы топ Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.
«Армандар орындалады! Джеки Чанмен танысып, оның жаңа филімінің түсірілім алаңында болдық. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер!», – деп жазды каскадерлер. Айта кетейік, «Nomad Stunts» каскадерлері «Disney» түсірген «Мулан», «Томирис», Netflix-тің «Корольге хат» фильміне, Киану Ривз басты рөлде ойнаған «47 ронин», «Неудержимые 2», «Рэкетир 2», «Анаға апарар жол» және «Шал» сынды фильмдерге түскен.
Топты 2000 жылы трюк қоюшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожин құрған.