Вторник, 26 ноября, 2024

Махмұд Сабырхан Азия біріншілігінде ел қоржынына үшінші алтынды салды

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Махмуд Сабырхан чемпион атанды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада 57 келіде сынға түсіп жатқан Махмуд Сабырхан таиландьық Саравут Суктхетпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілер шешімі екіге бөлінді. Нәтижесінде басым дауыспен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Махмуд ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алған еді. Оның шеберлігіне тәнті болған шетелдік басылымдар оған «Казақ Ломаченкосы» деген баға берген болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған