Четверг, 28 ноября, 2024

Қазақстандық Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеңімпаздың жаттықтырушысы – Рашид Юнусметов.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.

Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналған. Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынауда

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған