Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бүгін әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан қазақстандық Александра Ле қола медальге ие болды. Ол бұл сында 261.2 ұпай жинады. Алтын қытайлық спортшының еншісінде кетсе (265.7 балл), 2-орынға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Мэри Такер қол жеткізді, — деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогінің кезеңі 27 наурызда аяқталады.