Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Əлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Алтын медаль үшін тартыста құрамамыз Нидерландты жеңді – 34:20.
Ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45:41 есебімен ұтқан. Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті соңғы сәтте жұлып əкетті. Есеп: 45-44.
Ал жартылай финалда біздің спортшылар испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).
Ұлттық құрама сапында Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай сынға түсті.