Вторник, 26 ноября, 2024

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдумәлік үлкен жанжалға нүкте қойды

Шахматшы қыздар ұзақ уақытқа созылған дау-дамайдан кейін татуласты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында шахматшы қазақ қыздары Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара кездесіп, тең түсті,

Ойындары есебі бойынша Бибісара 3-ші, Жансая 5-орында келеді. Екеуінде де 3 жеңіс, 1 тең ойыннан бар. 

Осыған дейін шахматшы қазақ қыздары арасында берік қарым-қатынас болмаған. Әлеуметтік желіде бір-бірін тілдеген кездері де болды. Бүгін Бибісара instagram-ғы сторисіне екеуінің қатар күлімдеп отырған видеосын жүктеп, Жансаяны белгіледі. Жансая да видеоны өз сторисінде бөлісті. Бұл қос шахматшының татуласқаны жайлы жақсы белгі болса керек.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева әріптесі Жансаяның кәсіпқойлығын сынға алып, спорттық мансабын аяқтауға кеңес берген болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған